10.09.2025
2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды басымдықтар нақты айтылды. Әсіресе цифрлық дамуға бейімделген кадрларды даярлау, жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу және білім мазмұнын жаңғырту – басты стратегиялық міндеттер ретінде айқындалды.
Білім беру саласының өкілі, мектептің кәсіподақ мүшелері ретінде Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық тапсырманы толық қолдаймыз. Бұл – білім беруде жаңа тәсілдерді енгізуді, педагогтердің ІТ құзыреттілігін арттыруды, жасанды интеллект жүйелерін және цифрлық платформаларды кеңінен пайдалануды талап етеді.Тек осылай ғана біз жаңа заман талабына сай, заманауи технологияны меңгерген ұрпақты тәрбиелей аламыз.
Жолдау – бүкіл педагог қауымға бағытталған нақты үндеу. Біз заманауи үрдістерден қалыс қалмай, жаңашылдыққа ашық, өзгеріске дайын болуымыз қажет.