Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6 "А" сыныбының жетекшісі Айгүл Муратовна Жанбаева, тәрбиеші Айжан Агзамовна Байтенова және оқушылардың ата-аналарының алғашқы жиналысы өтті.

15.09.2025

6 "А" сыныбының жетекшісі Айгүл Муратовна Жанбаева, тәрбиеші Айжан Агзамовна Байтенова және оқушылардың ата-аналарының алғашқы жиналысы өтті. Кездесу қызықты әрі ерекше форматта ұйымдастырылды.

Педагогтар ата-аналармен мазмұнды әңгіме жүргізіп, оларды үлгілік оқу бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ балалардың тәрбиесі мен дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сенімді және достық ахуал қалыптастыру мақсатында түрлі ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылып, олардың көмегімен педагогтар ата-аналарды жақынырақ танып, өзара түсіністік орнатып, тәжірибе алмасып, тәрбиелеу ісінде ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.

Жиналыс жылы, жағымды жағдайда өтіп, жақсы әсер қалдырды.

Просмотров: 230

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст