Бүгін біздің сүйікті «Cinema Alem» кинотеатры оұушыларымызға есігін тағы да тегін айқара ашты. Балалар «Жын өлтіруші: Шексіз қамал» анимациялық фильмін үлкен қызығушылықпен және қуанышпен тамашалап, эмоциялар мен әсерлер теңізін бастан өткерді.
Осыған орай, кино басшылығына олардың сезімталдығы, ілтипаты, игі істері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Игі ісіңіздің табысы мен құрметін еселеп, мейірімділігіңіз, жомарттығыңыз, жанқиярлығыңыз жүз еселеніп қайтсын!
Балалардың бос уақытын ұйымдастырғаны үшін әлеуметтік қызметкер Айжан Серікқызы Каримоваға ерекше алғыс айтамыз. Сіздің арқаңызда бұл күн балалар үшін нағыз мереке болды!
Балаларды ыңғайлы әрі қауіпсіз тасымалдау үшін жүргізушіміз Аян Амантайұлына ерекше алғыс айтамыз. Оның кәсіпқойлығының, зейінділігінің және жауапкершілігінің арқасында балалар діттеген жеріне аман-есен жетіп, еш алаңсыз саяхаттан ләззат алды.