Бүгін мектебіміз мерекелік көңіл-күй мен алғысқа толы болды. Ата-аналар комитетінің қолдауымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ата-аналар мен оқушылар әсерлі әндер, көңілді билер, шығармашылық көріністер дайындады. Әрбір қойылым ұстаздарға деген сүйіспеншілік пен алғыстың көрінісі болды. Іс-шара барлық қатысушылар мен қонақтарға ең жылы естеліктер мен жағымды эмоциялар қалдырып, мектеп өмірінің жарқын оқиғасы болды.
Осынау айтулы күні еңбегі сіңген ұстаздарға облыс әкімінің және Ақмола облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтары табыс етілді. Бұл ұстаздардың жеткен жетістіктерін шын жүректен мойындау және олардың еңбегіне берілген жоғары баға болды.
Осы орайда мектеп директоры Ольга Владимировна Бурдинская ата-аналарға, А.Серей атындағы музыкалық колледжінің, облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарына, мектеп оқушыларының өнерлі өнерлері, мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұстаздарға деген жүрекжарды ілтипаты үшін шынайы алғысын білдіреді.
Осындай керемет концертті ұйымдастырып, өткізген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Петровна Дзариеваға ерекше алғысымызды білдіреміз.