Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет білім саласындағы ең ірі халықаралық шара — «Қадір, теңдік, прогресс» инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресі басталды. Ол 2025 жылдың 15-17 қазаны аралығында Алматы қаласында өтеді.

15.10.2025

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет білім саласындағы ең ірі халықаралық шара — «Қадір, теңдік, прогресс» инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресі басталды. Ол 2025 жылдың 15-17 қазаны аралығында Алматы қаласында өтеді.

Конгреске 40 елден 1200-ден астам қатысушылар — мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, педагогтар, сарапшылар және инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар жиналды. Қатысушылар арасында Азия, Африка, Солтүстік Америка, Австралия және Еуропа елдерінің делегаттары бар. Пленарлық және панельдік отырыстарда 100-ден астам халықаралық және отандық сарапшылар сөз сөйлейді.

Конгресс инновациялар, цифрландыру және білім берудегі жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың технологиялық шешімдерін талқылауға, білім сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибемен алмасуға және елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылады.

Ұйымдастырушылардың шақыруымен Дүниежүзілік конгреске мектебіміздің жетекшісі Бурдинская Ольга Владимировна қатысуда. Бұл оның кәсіби тәжірибесін, көшбасшылық қасиеттерін, білім саласын дамытуға қосқан үлесін мойындау және үлкен құрмет. Сізге сәтті қатысу, пайдалы байланыстар және шабыттандыратын идеялар тілейміз!

Просмотров: 132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст