Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеше 1–2 сынып оқушылары үшін «Күзгі орманға саяхат» атты мерекелік шара өте көңілді және қуанышты өтті.

17.10.2025

Кеше 1–2 сынып оқушылары үшін «Күзгі орманға саяхат» атты мерекелік шара өте көңілді және қуанышты өтті.
Балалар Күз ханшайымын іздеп жүргенде, жолда оларға тікенекті кірпі мен көңілді тиін кездесті. Оқушылар жаңа достарына саңырауқұлақ, жаңғақ және шырша бүрлерін жинауға көмектесті.
Күз ханшайымымен танысқан соң, балалар ән айтып, би билеп, өлең оқып, қызықты ойындар ойнады. Олар өздерінің достығы мен бірлігін көрсетті.
Мереке жылы, жарқын және нағыз ертегідей әсерлі өтті!
Мектеп әкімшілігі , яғни басшы Ольга Владимировна Бурдинская күзгі балды ұйымдастыру мен өткізуге белсенділікпен, жауапкершілікпен қарап, жарқын да шығармашылық көзқарас танытқаны үшін мереке жүргізушілеріне - Мария Анатольевна Самсонова, Самал Омержановна Оспановаға, кейіпкерлер Күз ханшайымы -Ольга Сергеевна Войцеховская, тиін - Оксана Викторовна Ковальская және барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздердің талантарыңыз, шабыттарыңыз бен балаларға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіз бұл кешті нағыз ертегіге айналдырып, баршаға қуаныш, жылылық және ұмытылмас әсер сыйлады.

Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст