Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3–4-сынып оқушыларына арналған «Күзде қонақта» атты күзгі ертеңгілік жарқын, көңілді әрі нағыз ертегіге толы түрде өтті!

20.10.2025

3–4-сынып оқушыларына арналған «Күзде қонақта» атты күзгі ертеңгілік жарқын, көңілді әрі нағыз ертегіге толы түрде өтті!
Балалар сиқырлы күзгі орманға саяхаттап, оларды қуана қарсы алған көңілді кейіпкерлер Аю, Кірпі және Тиінмен кездесті. Балалар олармен бірге ойнап, күлкіге бөленіп, қызықты тапсырмаларды орындады: Тиінмен бірге себетке жаңғақтар салды, Кірпімен түсті бойынша саңырауқұлақтарды сұрыптады,Аюмен бірге көкөністерді себетке жинады.
Мереке көңілді билермен, күз туралы өлеңдермен және шаттыққа толы күлкілермен жалғасты. Балалар достыққа, жылулыққа және алтын күздің ертегі әлеміне қуана енді.
Мектеп әкімшілігі атынан мектеп басшысы Бурдинская Ольга Владимировна мерекені ұйымдастыруда шығармашылық танытып, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін келесі ұстаздарға шынайы алғысын білдіреді: іс-шара жүргізушісі Сапарғалиева Гүлжазира Арманқызына, Аю рөлін сомдаған — Айнагүл Қуанышқызына,Кірпі — Асыл Ақылбаевнаға, Тиін — Риза Мұратовнаға.
Балаларға ұмытылмас әсер мен шынайы ертегі сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Просмотров: 72

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст