Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгіліктер әлі де жалғасуда. Олар өздерінің жарқын бояуларымен, көтеріңкі көңіл-күймен және жүрекке жылу сыйлайтын кездесулерімен қуантуда.

20.10.2025

Мектебімізде «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгіліктер әлі де жалғасуда. Олар өздерінің жарқын бояуларымен, көтеріңкі көңіл-күймен және жүрекке жылу сыйлайтын кездесулерімен қуантуда.
Мектеп ішін аралап келе жатқан Күз, артында күлкі, өлең және қуанышты сәттерге толы із қалдыруда.
Өткен аптада қазақ тілінде оқытылатын 1–4 сынып оқушыларына арналған керемет ертеңгілік өтті.
Балалар мен ересектер ертегі әлеміне енді. Оларды көңілді кейіпкерлер, қызықты ойындар, өлеңдер мен билер қарсы алды. Балалар Қоян мен Кірпіге алма мен сәбіз жинауға көмектесті, себебі орман достары қысқа дайындалып үлгермепті.
Балалардың мейірімділігі, жанашырлығы мен бірлескен еңбегі көмектесудің маңыздылығын көрсетті. Бұл сәт өте әсерлі болды және мерекеге қатысушылардың жүрегінде сақталып қалды.
Қоян мен Кірпімен бірге балалар көңілді «Қолшатырлар» биін биледі, күз туралы тақпақтар оқып, «Кап-кап», «Тук-тук»атты әндер орындады. Бұл сәт залды жылу мен шаттыққа бөледі.
Сұлу Күз балалардың талантына, шынайылығы мен шығармашылығына сүйсініп, оларға көтеріңкі көңіл-күй мен күзгі жылы сыйлықтарын тарту етті.
Бұл мереке нағыз ертегіге айналып, ұмытылмас әсер қалдырды және барлық жүректерге күздің жылуын ұялатты! 🍁🍁🍁
Мектеп әкімшілігі атынан мектеп басшысы Бурдинская Ольга Владимировна мерекені ұйымдастыруда шығармашылық танытып, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін келесі ұстаздарға шынайы алғысын білдіреді: іс-шара жүргізушісі Касенова Гуляим Жайлауовнаға,Кірпі - Айару Берікқызы, Қоян-Нурзия Султановнаға.
Балаларға ұмытылмас әсер мен шынайы ертегі сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Просмотров: 85


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст