Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебімізде «Салауатты өмір салты- біздің таңдауымыз” атты ЖМЦ пән бірлестігінің апталығын салтанатты түрде ашу жиыны өтті!

21.10.2025

Бүгін мектебімізде «Салауатты өмір салты- біздің таңдауымыз” атты ЖМЦ пән бірлестігінің апталығын салтанатты түрде ашу жиыны өтті!
Алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера сезіліп, оқушылардың қызығушылығы мен жаңа нәрсені білуге деген құлшынысы байқалды. Пән мұғалімдері апталықтың жоспарын таныстырып, ашық сабақтар, қызықты сыныптан тыс іс-шаралар мен байқаулар туралы әсерлі түрде баяндады.
Сондай-ақ, оқушыларға арналған «Салауатты өмір салты-біздің таңдауымыз» тақырыбында танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.
Апталық белсенді түрде басталып, оқушылар үшін пайдалы әрі есте қаларлықтай мазмұнды сәттерге толы болатынына сенімдіміз!
Барлық ұстаздар мен оқушыларға алдағы пән апталығында сәттілік, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз! Әр күн жаңалық пен қызыққа толы, әр іс-шара әсерлі де мазмұнды болсын. Ұмытылмас сәттер мен жарқын жетістіктерге толы апта болсын!

Просмотров: 94


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст