Текст
24.10.2025
Бүгін 6 «В» және 7 «А» сыныптары үшін кітапханашы Гуляим Бекжановна Шурманова «Денсаулық еліне саяхат»атты қызықты ойын-викторина өтті.
Оқушылар денсаулыққа байланысты білімдерін шыңдай отырып, танымдық саяхатқа үлкен қызығушылықпен аттанды.
Әр кезеңде оларды пайдалы әдеттер, дұрыс тамақтану, күн тәртібі туралы тапсырмалар күтті. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, түрлі жағдаяттарды талдады. Викторина көңілді, әсерлі және пайдалы өтті. Оқушылар өз білімдерін кеңейтіп, жағымды эмоцияларға бөленді!