Текст
04.11.2025
Өткен аптада 6 “В” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Асемгуль Амантаевна Ермаганбетова мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Іс-шара мерекелік көңіл-күймен, ерекше шабытпен ұйымдастырылды.
Оқушылар жүрекпен тебірене өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырма «Күн» тақырыбында бірлескен жұмыс орындалды. Әр оқушы өзінің жылы лебізі мен тілегін күннің шуағына жазып, ортақ плакатқа жапсырды.
Бұл сәт – бірлік пен татулықтың, елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болды. Жиын оқушыларға мерекенің маңызын сезіндіріп, патриоттық рух сыйлады.