04.11.2025
Кеше тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінің «Альтернативті және қосымша коммуникация» тақырыбындағы 2-отырысы өтті. Жиын жылы, кәсіби атмосферада өтіп, ашық пікір алмасуға және педагогикалық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік берді.
Педагогтар әріптестерінің баяндамаларын қызығушылықпен тыңдап, альтернативті коммуникация мен қосымша коммуникацияның негізгі айырмашылықтарын талқылады, тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Ерекше қызығушылық тудырған Есмагамбетова Дарига Жаксылыковна өткізген қысқа мерзімді жоспарлау бойынша шеберлік сабағы болды. Қатысушылар оның тәжірибеге бағытталғандығын және өзектілігін атап өтті.«Тәлімгерлік» атты үшінші мәселе аясында тәлімгер мен жас маман арасында мазмұнды диалог өтті. Құнды кеңестер айтылып, нақты қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары талқыланды. Бұл бөлім барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі шабыттандыратын сәт болды. Сондай-ақ, әдістемелік бірлестік жетекшісі Мейрамова Назира Капеновна тәрбиеленушілердің әлеуметтену деңгейінің динамикасын бақылауға арналған мониторингтік картамен таныстырып, оның көмегімен балалардың даму және бейімделу үдерісін қалай бақылауға болатынын жан-жақты түсіндірді.Жиын ұжымның кәсіби өсуіне, өзара қолдау мен әдістемелік бірліктің нығаюына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.