12.11.2025
7 «В» сыныбында «Үй шаруасы. Д дыбысы бар буындар мен қысқа сөздерді құрастыру және оқу» тақырыбында тіл мен коммуникацияны дамытуға арналған қызықты әрі мазмұнды сабақ өтті.
Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер мен заманауи технологиялар қолданылды. Мұғалім Гульнара Наримановна Бугунтаева оқу интернет-ресурстарын, интерактивті тақтаны, нейрожаттығуларды, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін тиімді пайдаланды. Авторлық электронды сергіту сәті оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, әрі олардың белсенділігін арттырды.
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тақтада белсенді жұмыс істеді және үй тұрмысына байланысты жағдаяттар бойынша көрініс қойып, қарым-қатынас жасау дағдыларын көрсетті. Сабақ оқушылардың сөйлеу тілін, зейінін, ұсақ моторикасын дамытуға және оқуға деген жағымды мотивация қалыптастыруға ықпал етті.