12.11.2025
Бүгін 8 «А» және 9 «В» сынып оқушыларына арналған «Интернет-кафе»атты сыныптан тыс танымдық іс-шара өтті. Шара командалық ойын түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар «Гинабайтиктер» және «Кибер достар» атты екі топқа бөлініп, компьютерді пайдалану және интернет қауіпсіздігі бойынша өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара белсенді және достық атмосферада өтті. Оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындап, цифрлық сауаттылық пен желідегі қауіпсіздік ережелері туралы викториналарға қатысты. Балалар тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және командамен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Шара соңында қатысушылар символикалық Интернет-кафеге шақырылып, тәттілермен және жылы тілектермен қарсы алынды. Бұл іс-шара оқушылар үшін әрі пайдалы, әрі есте қаларлықтай болды.