Текст
13.11.2025
Бүгін 6 «А» сыныбында «Қайталау. Сөз тіркестері мен сөйлемдер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың лексикалық тақырыбы “Үй” оқушылардың күнделікті өмірімен байланысты болғандықтан, сабақты қызықты әрі түсінікті етті.
Сабақ барысында оқушылар мұғалім Айгуль Муратовна Жанбаевамен буындарды қайталап, «Үй» тақырыбына қатысты сөздер мен сөйлемдер құрастырды. Жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, көрнекі құралдар, карточкалар мен тапсырмалар қолданылды.
Сабақ жағымды, қолайлы атмосферада өтті. Оқушылардың сөйлеу белсенділігі, зейіні мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.