17.11.2025
Гуманитарлық цикл пән бірлестігінің апталығы аясында 5 “А” сыныбында қазақ тілі пәнінен Мүбәрак Жаманбалиновтың «Көрші атай» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ жарқын, мазмұнды және өнімді атмосферада ұйымдастырылды. Педагог Ермаганбетова Асемгуль Амантаевна цифрлық және денсаулықты сақтауға бағытталған технологияларды тиімді қолдана отырып, сабақты оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты ете білді. Өлеңмен танысу үдерісі «эйдорационемотехника» әдісі арқылы жүзеге асырылып, бұл оқушыларға шығарма мазмұны мен оның эмоционалдық мағынасын терең әрі тез түсінуге мүмкіндік берді.
Оқушылар тапсырмаларға белсенді қатысып, тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті, өз пікірлерін еркін жеткізіп, сөздік қорларын байытты. Бұл сабақ дәстүрлі және инновациялық тәсілдердің үйлесімді үлгісі ретінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға септігін тигізді.