21.11.2025
кеше мектебімізде Ш. Уалиханов ат.Көкшетау университеті жанындағы Көпсалалы колледжінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері және педагогика мен психология пәнінің оқытушысы Барчан А. С. бірлесіп ұйымдастырылған жарқын да есте қаларлық «Сиқырлы пазл» квесті өтті.
Іс-шара шығармашылықтың, достықтың және өзара түсіністіктің нағыз мерекесіне айналды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын және қиялдарын көрсетті. Әр тапсырма білімді, эмоцияны, жаңа әсерлер мен ортақ күш-жігерді бейнелейтін үлкен пазлдың бір бөлшегі болды.Квест балаларға шабыт, оқу мотивациясы мен жарқын естеліктер сыйлады, ал болашақ педагогтар үшін бұл -бағалы тәжірибе болды. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, колледж бен мектеп арасындағы нәтижелі әріптестіктің тамаша үлгісіне айналды.
Осы орайда мектеп басшысы Ольга Владимировна Бурдинская шара ұйымдастырушыларына шын жүректен алғыс білдіреді.