21.11.2025
2 «Г» сыныбында «7 санының қосындысын табу» тақырыбында математика пәнінен және А. Линдгреннің «Шатырда тұратын Карлсон» шығармасы бойынша оқудан ашық өзіндік дайындық сабағы өтті.
Сабақ жылы, достық атмосферада өтті. Оқушылар ауызша есептеу дағдыларын бекітіп, қызықты тапсырмалар арқылы зейінін, ойлауын, тілін және қиялын дамытты. Шығарма үзіндісін мәнерлеп оқып, оқығандарын қызығушылықпен талқылады. «Үй» сөзінің өмірдегі маңызын түсініп, өз ойларымен бөлісті.
Педагог Кенжегуль Сайлаубековна Ержанова сабақ барысында оқу материалы мен оқылымды қайталау және бекітуге, оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, білімге қызығушылығын және ұқыптылықты тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасады. Сабақ білім берумен қатар тәрбиелік мәнге де ие болды.