Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеше “Бір шаңырақ астында” атты бейімделген дене шынықтыру, музыка және ритмика пәні мұғалімдерінің ӘБ апталығының салтанатты ашылуы өтті.

26.11.2025

Кеше “Бір шаңырақ астында” атты бейімделген дене шынықтыру, музыка және ритмика пәні мұғалімдерінің ӘБ апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Апталықтың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың физикалық, музыкалық және ритмикалық қабілеттерін дамыту маңыздылығын көрсету, сондай-ақ педагогтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Ашылу барысында музыкалық нөмірлер, оқушылардың шағын қойылымдары, көңілді флешмоб ұсынылды. Мұғалімдер апталықтың іс-шаралар жоспарын таныстырып, ашық сабақтар, спорттық эстафеталар мен музыкалық-ритмикалық жаттығулардың болатынын жеткізді.

Бұл апталық – мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, инклюзивті, дамытушы білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Просмотров: 70


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст