Текст
26.11.2025
Бейімделген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Даурен Еслямович Шарипов «Қимылды және ұлттық ойындар арқылы ептілік пен үйлесімділікті дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты - оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру, ептілік, тепе-теңдік және кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында ұлттық ойын элементтері, арнайы жаттығулар, топтық және жұптық тапсырмалар қолданылып, балалардың қызығушылығын арттырды.
Педагог оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, қолайлы жағдай жасай отырып, оқу мақсатына сәтті қол жеткізді. Сабақ белсенді, қызықты әрі эмоционалды түрде өтті. Әріптестер сабақтың ұйымдастырылуына оң баға берді.