Текст
26.11.2025
Кеше 9 «Г» сыныбында бейімделген дене шынықтыру пәнінен «Спорттық ойындар: Баскетбол элементтері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – қозғалыс координациясын, көз мөлшерін, дәлдікті, ептілікті және командалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру мұғалімі Самковский Виктор Борисович сабақ құрылымын сауатты ұйымдастырып, қимыл-қозғалыс жаттығуларын танымдық және дербес жұмыс элементтерімен ұштастыра білді.
Сабақ әріптестер және қонақтар тарапынан жоғары бағаға ие болды.