Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін 2 «Б» сыныбында «Қоршаған әлем» пәні бойынша «Үй жануары — сиыр» тақырыбында ашық өзіндік дайындық сабағы өтті.

27.11.2025

Бүгін 2 «Б» сыныбында «Қоршаған әлем» пәні бойынша «Үй жануары — сиыр» тақырыбында ашық өзіндік дайындық сабағы өтті.

Сабақты педагог Самсонова Мария Анатольевна ойын және танымдық формада жүргізді. Оқушылар сиырдың дене бөліктерімен танысып, оның немен қоректенетінін және адамға қандай пайдасы бар екенін білді. Түрлі-түсті пазлдар арқылы балалар сиырдың суретін құрастырып, өз қиялдары мен ұқыптылықтарын көрсетіп, бояп шықты.
Сабақ барысында сиырдың адамға беретін өнімдері: сүт, құрт, қаймақ, ет, тері туралы әңгіме ерекше қызығушылық тудырды. Балалар сиырдың адам өміріндегі маңызын таңдана білді.
Сабақ жылы әрі жағымды атмосферада өтті, балалардың сөздік қорын, есте сақтауын, ой-өрісін дамытуға және жануарларға деген қамқорлық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Просмотров: 124


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст