Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында онлайн форматта республикалық вебинар өтті.

01.12.2025

Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында онлайн форматта республикалық вебинар өтті.
Бұл вебинар жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізудің өзекті мәселелерін, тиімді жолдары мен жаңашыл тәжірибелерін талқылауға бағытталды.
Аталған іс-шараға біздің мектептің педагогі, санау және информатика пәндерінің мұғалімі Роза Акылбаевна Муканова белсене қатысып, «Жасанды интеллект технологияларының арнайы білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктері» атты мазмұнды баяндамасын ұсынды.
Баяндамада мұғалім ЖИ-дің ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, бейнелі ойлау мен логиканы дамытуға қосатын үлесін нақты мысалдармен көрсетті.
Педагогтың тәжірибесі вебинар қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, талқылау алаңында бірқатар сұрақтар мен оң пікірлерге ие болды. Бұл біздің мектеп ұжымының инновациялық бағыттағы ілгері іс-қимылының тағы бір дәлелі болды.

Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст