Текст
01.12.2025
Дене шынықтыру, музыка және ритмика пәндері бірлестігінің апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Апта бойы өткен ашық сабақтар, шығармашылық кештері, викториналар мен спорттық іс-шаралар қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар мен шығармашылық қабілетін танытқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.Апталықтың жарқын әрі әсерлі нүктесі – оқушылардың өз қолдарымен жасаған аспаптарымен өнер көрсеткен импровизациялық оркестрдің орындауындағы музыкалық нөмір болды. Бұл ерекше қойылым балалардың өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қиялын көрсетіп, апталықты көтеріңкі көңіл-күймен қорытындылады.