Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Г» сыныбында математика және сөйлеу мен коммуникацияны дамыту пәндері бойынша ашық өзіндік дайындық сабағы өтті

01.12.2025

«Г» сыныбында математика және сөйлеу мен коммуникацияны дамыту пәндері бойынша ашық өзіндік дайындық сабағы өтті. Сабақ барысында педагог Наталья Александровна Богданованың көмегімен оқушылар «Тәулік: таңертең, түс, кеш, түн» тақырыбымен жұмыс жасады. Сабақ көрнекілік пен практикалық тапсырмалар арқылы ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен «Тәуліктің бөліктері» липучка тапсырмаларын орындады, мектептегі күн тәртібіне сәйкес фотосуреттерді сәйкестендіріп, пазлдар құрастырып, логикалық ойлау мен назарын дамытты.“Сөйлеу және коммуникацияны дамыту» пәнінен оқушылар Хх дыбысы мен әрпін бекітті. Ерекше қызығушылық тудырған сәт - жасанды интеллектті қолдану болды. Цифрлық көмекші «Хомка–хомяк» оқушыларға тапсырмалар ұсынып, дыбысты айтуға көмектесіп, белсенділік танытуға ынталандырды.Сабақ ойын түрінде, түсінікті әрі қолжетімді форматта өтті. ЖИ, көрнекілік және интерактивті тапсырмаларды қолдану сабақты қызықты, мазмұнды әрі нәтижелі етті.

Просмотров: 100

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст