01.12.2025
3 «Д» сыныбында “Қоршаған әлем” және Санау” пәндерінен ашық өздік дайындық сабағы өтті. Барлығы «Үй» атты ортақ тақырыппен және жылдың мезгілі - кеш күзбен байланыстырылды.
Санау сабағында педагог Гульмира Галымовна Кенебаева оқушылармен 20-дан бір таңбалы санды азайту дағдысын пысықтады, «Сандардың көршісін тап»тапсырмасын орындады, 20-ға дейін тура және кері санауды қайталады. Тапсырмалар көрнекілікпен, ойын түрінде ұсынылды.Қоршаған әлем бойынша сабақтың тақырыбы - «Кеш күз». Балалар табиғатта қараша айында болатын өзгерістерді талқылап, үйдің терезесінен көрінетін көріністі сипаттады, ауа райы туралы айтты. Сөздік жұмыс жүргізілді: қараша, қар, жаңбыр сөздерімен. Оқушылар сөйлем құрап, күзгі күндерін қалай өткізетіндерін айтып берді.Сабақ жылы әрі танымдық атмосферада өтті. Ортақ тақырыпты қолдану балаларға пәндер арасындағы байланысты түсінуге, сөздік қорын дамытуға, зейін мен логикалық ойлауды жетілдіруге көмектесті.