05.12.2025
Бастауыш буын мұғалімдерінің пәндік онкүндігі аясында дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыруға бағытталған «[Ш] дыбысын автоматтандыру» тақырыбында оқушымен жекелей логопедиялық түзету сабағы өтті.
Логопед Алма Досымбековна Мазбаева сабақты қызықты, ойын түрінде ұйымдастырды:
— тілдің икемділігін арттыруға арналған «Маятник»ойыны,
— тыныс алуды дамытуға арналған «Стақанға үрле»ойыны,
— сөздегі дыбысты ажыратуға бағытталған «Ызың дыбыс», «Жүзетін буын»тапсырмалары,
— «Мишаға көмектес», « Наташаның қапшығында не бар?”атты логопедиялық ойындао – есту зейінін дамыту мен [Ш] дыбысын бекітуге арналған.
Оқушы тапсырмаларды қуана орындап, буындардан «пойыз» құрастырып, [Ш] дыбысы бар сөздерді оқып, ойлап тапты.
Сабақ ойын түрінде өтіп, ынтымақтастық, қуаныш және тілдік белсенділік атмосферасын қалыптастырды.