Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Г» сыныбында өткен [Ш] дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы ашық сабақ «Сөйлеу және коммуникацияны дамыту» пәнінен қызықты ойын түрінде өтті. Сабақ барысында нейрожаттығулар, тыныс алу және сезімдік жаттығулар белсенді түрде қолданылды.

05.12.2025

Сабақтың алғашқы минуттарынан бастап оқушылар белсенді түрде сабаққа тартылды. Олар қызығушылықпен «Қар ұшқыны» атты түзету тапсырмасын орындады, мұнда әріптер арасынан [Ш ш] әрпін тауып, қыстырғышпен белгілеп отырды.Тапсырма оқушылардың зейінін, көру қабілетін және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталды. «Шыршалар» тапсырмасында балалар [Ш] дыбысы бар буындар мен сөздер құрастырып, дыбыс-буква талдау дағдысын жетілдірді. Сабақтың есте қаларлық сәттерінің бірі – [Ш] әрпі бар сөздерге арналған жұмбақтардан тұратын кроссворд болды. Бұл оқушылардың логикасын, фонематикалық есту қабілетін дамытуға және сөздік қорын кеңейтуге ықпал етті.

Просмотров: 81

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст