Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 «В» сыныбында «Өзін-өзі күту» пәнінен «Жемістер» тақырыбында сабақ өтті.

05.12.2025

3 «В» сыныбында «Өзін-өзі күту» пәнінен «Жемістер» тақырыбында сабақ өтті. Сабақты педагог Фируза Рахмановна Абилова жүргізді. Сабақ барысында балалардың ұсақ моторикасын, зейінін және өзін-өзі күту дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық және ойын тапсырмалары орындалды.Балалар алма мен бананды қарап, оларды сұрыптады, пішінін, түсін, иісін, дәмін анықтады. Жемістерді сипап сезу және дәм арқылы ажыратуды үйренді. Балалар «жемістерді себетке сал», «түсті таңда», «карточкаға таяқшаны сал» секілді тапсырмаларды орындап, саусаққа арналған жаттығулар жасады.Практикалық бөлімде балалар пышақты қауіпсіз қолдануды үйреніп, педагогтың көмегімен алдын ала дайындалған жемістерді турап, йогуртпен араластырып жеміс салатын жасады.Сабақ жылы, белсенді әрі танымдық атмосферада өтті. Практикалық әрекет пен ойын элементтерін қолдану балаларға материалды жақсы меңгеруге, сенсорлық қабылдауын, сөйлеуін, зейінін және өз бетінше әрекет етуін дамытуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст