Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ барысында «Тт» дыбысы мен әрпін қайталап, бекітуге арналған тапсырмалар орындалды. Оқушылар суреттерге қарап, оларға қатысты заттарды сәйкестендіріп орналастырды.

05.12.2025

2 «А» сыныбында «Сөйлеу және коммуникацияны дамыту» мен «Қоршаған орта» пәндерінен педагог Гулия Жайлауовна Касенова ашық өзіндік дайындық сабағын өткізді.

Сабақ барысында «Тт» дыбысы мен әрпін қайталап, бекітуге арналған тапсырмалар орындалды. Оқушылар суреттерге қарап, оларға қатысты заттарды сәйкестендіріп орналастырды. Сонымен қатар тыныс алу жаттығуларын орындап, сөйлеу дағдыларын жетілдірді.

Сабақтың шығармашылық бөлігінде балалар «Құстарға жемсалғыш» жасап, үлкен қызығушылық танытты. Бұл тапсырма оқушылардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін және табиғатқа қамқорлық сезімін дамытуға бағытталды.Сондай-ақ «Күз сыйы»тақырыбына оқушылар қызылша мен сәбізді себетке жинады. Олар ыдыстағы көкөністерді жеке-жеке сұрыптап, себеттерге салды. Жәшіктің ішіне құм салып, көкөністерді сақтауға орналастырды. Соңында жәшікті жертөлеге түсіріп қойды.

Сабақ пайдалы, қызықты әрі танымдық атмосферада өтті.

Просмотров: 186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст