08.12.2025
3«А» сыныбында «Көлемді бұйымдар «Аққаланы мүсіндеу» тақырыбында ашық бейнелеу өнері сабағы өтті.Сабақтың негізгі мақсаты -оқушыларды конструктивті әдіспен мүсіндеуге үйрету, түрлі тәсілдерді қолдану: алақанмен және үстел үстінде домалату, үзіп алу, бастыру, басу, жалпақтау, саусақпен тарту.Жұмысқа кіріспес бұрын балалар мұғалім Индира Муратбековна Окапова дайындаған тақтадағы аққаланың сызбасын мұқият қарап шықты.
Алдымен фольгадан үлкен және кіші шарлар жасап, аққаланың негізін қалыптастырды. Содан кейін қамырды үстел үстінде саусақтарымен жайып, домалатып тегістеді.Шарларды дайын қамырмен қаптады. Аққаланың басы мен денесін бірінің үстіне бірін орналастырды.Қолдарын жасау үшін кішкентай қамыр кесектерін алақандарында домалатып, бір шетін сұқ саусақпен үшкірлей тартты. Қолдарын аққаланың екі бүйіріне жапсырды.Аққалаға бас киім мен шарф мүсіндеді. Соңында көздері мен мұрнын орналастырды.
Сабақ шығармашылық атмосферада өтті. Оқушылар қызығушылықпен жұмысқа араласып, әрқайсысы өзіндік ерекше аққала жасап шықты. Балалар қуанып, ынтамен жұмыс істеді.