12.12.2025
Қыс мезгілінде ата-аналарға арналған жадынама.
Құрметті ата-аналар!
Қыс басталды – алда аязды күндер мен актіленген күндер болуы мүмкін. Осыған байланысты ескертеміз:
- Мектеп-интернат ауа райына қарамастан өз жұмысын жалғастырады.
- Аязды күндері баланы мектепке әкелу немесе үйде қалдыру туралы шешімді ата-ана баланың денсаулығы мен сыртқы температураны ескере отырып, өздері қабылдайды.
- Қашықтан оқыту қарастырылмаған себебі әр сыныпта интернатта тұратын балалар бар.
- Оқу үрдісі барлық оқушылар үшін мектеп қабырғасында, сынып-сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі.
- Балаларды жылы киіммен: бас киім, қолғап, қысқы аяқ киіммен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
- Мектепке барар жолда және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды екенін еске саламыз.
Балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!
Құрметпен мектеп-интернат әкімшілігі.