Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3-сыныптарының тәрбиешілері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарқын әрі мазмұнды іс-шара өткізді.

12.12.2025

3-сыныптарының тәрбиешілері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарқын әрі мазмұнды іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, салт-дәстүрлерге құрмет қалыптастыру болды. Мереке Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталып, Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар Отан туралы жүрекке жетерлік өлеңдер оқыды, танымдық викторинаға қатысты, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін құрастырды, «Жартысын тап», «Жақсы немесе жаман» ойындарын ойнады, «Ат жарыс» сайысында бақ сынады.
Ең әсерлі сәттердің бірі – ұжымдық плакат жасау болды. Әр бала өз алақанының бейнесін жапсырып, елдің өркендеуіне өз үлесін қосудың символын бейнеледі. Іс-шара соңында балалар көңілді флешмобқа қатысып, «Атамекен» әнін орындады. Бұл сәт баршаға бірлік пен қуаныш сыйлаған, шынайы мерекелік көңіл-күйге толы күн болды.

Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст