12.12.2025
5-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты ауызша журнал түрінде өткен іс-шара қызықты әрі танымды өтті.
Мақсаты:оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық және азаматтық тәрбие беру. Міндеттері:балалардың Қазақстан туралы білімін кеңейту (Президент, Астана, мемлекеттік рәміздер), ел тарихына қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеуде меңгерген сөздерді дұрыс қолдануға үйрету.Ауызша журнал бірнеше бөлімдерге бөлінді: «Қазақстан Республикасы”, «Біздің Президент»,«Мемлекеттік рәміздер», «Елордамыз – Астана».Оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, «Жақсы» ойынына қатысты, «Күн нұры шашылып тұр» әнін орындады. «Бізге жақсы» атты сергіту сәті жылы атмосфера тудырды.Соңында оқушылар топтық жұмыс арқылы білімдерін бекітіп, додекаэдр құрастырды.