12.12.2025
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында мектепте мазмұнды да жарқын “Тәуелсіз елім- Қазақстан” атты сурет көрмесі өтті. Барлық сыныптар дайындыққа үлкен жауапкершілікпен қарап, қиялдарын және шығармашылықтарын көрсетті. Көрме өте әсерлі, түрлі-түсті болып, мектептің сәніне айналып, Отанға деген мақтаныш сезімін тудырды.
Оқушылардың жұмыстары туған жерге деген сүйіспеншілігін, елге деген мақтаныш пен тарихқа, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті бейнелейді. Әр сурет – Қазақстан, оның табиғаты, халқы, дәстүрі мен болашағы жайлы шағын бір әңгіме іспетті. Ең қуантары — көрмеге кіші сыныптардан бастап жоғарғы сыныптарға дейін барлық оқушылар қатысты.
Осындай іс-шаралар балалардың бойында патриоттық сезімді оятып, ұлттық мақтанышты нығайтып, елдің құндылықтарына деген құрметті қалыптастырады.