12.12.2025
«Сенсорлық даму» пәнінен «Түс, пішін, өлшемді ажырату» тақырыбында психолог Салтанат Ануарбековна Ахметова 2 «А» сыныбының оқушысымен жеке ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты- үлгі бойынша шаршы, дөңгелек, үшбұрышты тану және олардың қасиеттерін ажырата білуге, көлемі мен түсіне қарай пішіндерді салыстырып, ажыратуға үйрету болды.
Баламен бірге «Геометриялық пішіндер әлеміне» қызықты саяхат жасалды. Сабақ барысында түрлі танымдық тапсырмалар, денсаулық сақтау және нейрожаттығулар орындалды. Мұғалім сабақта “Numicon” әдістемесін пайдаланды -бұл оқушыға пішіндер, түстер мен өлшемдерді жақсы түсінуге көмектесетін көрнекі дидактикалық материал. Нумикон плиткаларының көмегімен оқушы геометриялық пішіндерді оңай танып, салыстырып, ұсақ қол моторикасы мен зейінін жаттықтырды. Бұл сабақтың көрнекілігін, қызықтылығын және қолжетімділігін арттыра түсті.Сабақ соңында оқушы көңілді жаттығу орындап, белсенді қатысқаны үшін сыйлық алды.