Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан — гүлденуге жол» патриоттық іс-шара мектепте жоғары деңгейде өтті.

12.12.2025

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан — гүлденуге жол» патриоттық іс-шара мектепте жоғары деңгейде өтті. 7-8 сынып оқушылары тақырыптық кроссвордты шешіп, іс-шараның Тәуелсіздікке арналғанын анықтады.
Жүргізуші педагогтар Мустафина Жадра Батржановна, Кузимбаева Жанагуль Муратбековна,Букаева Салтанат Даулетхановна Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен маңызды тарихи даталары туралы айтып берді.
Іс-шара барысында Қазақстан – түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан көпұлтты ел екені ерекше атап өтілді.
Балалар Іс-шара барысында киізден Қазақстанның туын құрастырды. Бұл тапсырма оқушылардың ынтымақтастығын, шеберлігін дамытуға бағытталды.Сонымен қатар, «Ою-өрнектер» биі қойылып, ұлттық нақыштағы элементтер арқылы қазақ халқының мәдениеті мен өнері көрсетілді Оқушылар Отан туралы жүрек тебірентер өлеңдер оқып, «Этникалық кілем» ойынына қатысты. Мереке соңында балалар бірігіп, кішігірім ту ұстаған флешмоб ұйымдастырып, өз елдеріне деген сүйіспеншілігін білдірді. Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары, әсерлі өтті.

Просмотров: 74


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст