17.12.2025
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мектепте «Қарлығаш туралы аңыз» атты театрландырылған қойылым өтті. Шараны педагог Татьяна Ивановна Гусева, Султанова Куралай Токтарбаевна, Дарья Владимировна Юшко ұйымдастырды.
Қазақ даласы, киіз үй мен қарлығаштың ұясы бейнеленген сахнада Қазақстанның дәстүрі мен мәдениеті қызықты сюжет арқылы көрерменге ұсынылды.Күтпеген жерден оқиға барысына ғарыштан келген қонақтар араласты. «Ғарыштан келген» костюм киген оқушылар еліміз туралы презентация көріп, жүрекке жылу сыйлаған аңызды тамашалады.
Қойылымда бейбітшілік, мейірімділік пен достық құндылықтарына ерекше мән берілді -мұның бәрі қарлығаш туралы аңыз арқылы көрініс тапты.
Шараның соңы «Шашу» дәстүрімен және «Менің Отаным – Қазақстан» әнімен аяқталды. Мерекелік көңіл күй қатысушылардың барлығына ерекше әсер қалдырды.