Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 6 «А», «Ә», «Б» сыныптарында танымдық әрі қызықты «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды викторина өткізілді.

17.12.2025

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 6 «А», «Ә», «Б» сыныптарында танымдық әрі қызықты «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды викторина өткізілді.

«Атамекен», «Туған жер», «Отан» атты үш команда туған ел туралы білімдерін ортаға салды. Оқушылар QR-кодты сканерлеп, аудио тыңдап, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын тапты. Әр дұрыс жауап үшін командаларға жетондар берілді.
Викторина келесі тақырыптық бөлімдерден тұрды:
- «Ел рәміздері»
- «Дәстүр мен ғұрыптар»
- «Ұлттық ойындар»
- «Болжашы?»

Оқушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары бойынша терең білімдерін көрсетті. Жетон саны бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі — «Қазақ елі, Қазақстан» әнін орындау және «Тілек ағашы» шығармашылық тапсырмасы болды. Балалар қағаздан жасалған алақандарға Отанға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге арнап жүрекжарды тілектерін жазып, оларды ағашқа орналастырды.
Шара жарқын флешмобпен аяқталды. Командалар қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды. Мереке әсерлі, көңілді және шабытты өтті.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст