24.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында 8 «А», 8 «Б» және 8 «В» сыныптарының жетекшілері Деобальд Светлана Николаевна, Шайхутдинова Ирина Васильевна , Кириченко Ольга Юрьевна «Ертегілер елінде. Хогвартс сиқыр және сиқыршылық мектебі» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
Оқушылар сиқырлы әлемге еніп, зелье қайнатты, сиқырлы таяқшалар жасады, «тірі су» дайындады, сыпырғышпен ұшты, әуе шарын сиқырмен қалқытып көтерді. Әр кезең қызықты тапсырмаларға, қиялға және көңілді атмосфераға толы болды.
Шара шығармашылық пен достықтың, топпен жұмыс істеудің шынайы мерекесіне айналды. Соңында ең белсенді әрі талантты «сиқыршыларға» Хогвартс мектебінің кубогы табысталды -бұл жеңіс пен білімнің, сиқырлы күштің белгісі.
Оқушылар тамаша әсер алды, бұл ертегіге толы күн олардың есінде ұзақ сақталмақ!