24.12.2025
Назар аударыңыздар! Абай болыңыздар –бұралқы иттер!
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың және біздің тәрбиеленушілеріміздің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында назарларыңызды аударамыз: мектеп маңында және қалада бұралқы иттер байқалды.
Сол себепті, балаларды мектепке тек аялдамаға немесе мектеп қақпасына дейін ғана шығарып салып қоймауды сұраймыз – бұл қауіпті болуы мүмкін! Балаларға ересек адамның бірге жүруі қажет.
Қаңғыбас жануарлар балалар үшін қауіп төндіруі мүмкін. Өкінішке орай, бұл мәселені шешу мектеп құзыретіне кірмейді және тиісті қалалық қызметтердің араласуын қажет етеді.
9 «Г» сынып оқушысы Алижан Газизовтың анасынан алынған қаңғыбас иттердің суреттері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз бен бейжай қарамауыңыз – балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне уақытылы назар аударуға көмектеседі.
Балаларыңызды қорғаңыздар!
Құрметпен мектеп әкімшілігі.