Текст
24.12.2025
Мектеп әкімшілігі бастауыш сынып оқушыларына Жаңа жыл қарсаңында тәтті пісірме түріндегі қайырымдылық акциясы үшін және мектебімізбен ынтымақтастыққа дайын болғаны үшін « Лакомка» ЖК директорыЖумабек Елентаевич Пшенбаев пен орынбасары Айгерим Казиевна Бердахановаға шынайы алғысын білдіреді.
Мейірімділікке толы мұндай әрекеттер балаларға қамқорлық пен назардың қаншалықты маңызды екенін сезіндіреді. Дәмді тағамдар оқушыларға қуаныш пен күлкі сыйлап, Жаңа жыл қарсаңында жылылық пен мерекелік көңіл-күй орнатты.
Ізгі ниетіңіз бен балаларға жасаған мерекелік сыйыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!