25.12.2025
Бүгін мемлекеттік тілде білім алатын бастауыш сынып оқушылары өз педагогтарымен бірге (жүргізуші – педагог Назгуль Абуовна Файзулина) Жаңа жылға арналған нағыз сиқырлы саяхатқа аттанды. Олардың сенімді серіктері Аяз ата (Динара Темиргалиевна) мен Ақшақар ( Фируза Рақымжанқызы) болды. Алайда мерекеге барар жолда күтпеген кедергі кездесті- Жалмауыз кемпір ( Айару Берікқызы) қысқы сиқыршылардың жолын жауып, жаңа жылдық көңіл күйді бұзбақ болды.Дегенмен біздің балалар татулықтары, еңбекқорлығы және батылдығымен ерекшеленді. Қолдарына күрекшелер алып, олар жолды бірлесе тазалап, Аяз ата мен Ақшақарға сапарларын жалғастыруға көмектесті. Жалмауыз кемпір мерекеге кедергі келтіруге тырысып, жарқыраған шыршаны құлатпақ болып, оны сиқырлап қойды, сондай-ақ балаларға арналған сыйлықтарды жасырып қойды.
Алайда мейірімділік пен достық сиқырдан да күшті болып шықты. Балалардың шырша айнала жасаған хороводы Жалмауыздың жүрегін жібітті. Аяз ата мен Ақшақар келген соң балалар шаттана би билеп, ойын ойнап, ән салып, өлеңдер оқып, нағыз жаңа жылдық ғажайыптың атмосферасын қалыптастырды.Дегенмен, үлкен шырша әлі де мұңды күйде- сиқырланған күйінде қалды. Сонда барлығы бірге сиқырлы сөздерді айтып, нағыз ғажайып орын алды: шырша шамдары жарқырап жанып, залды қол шапалақтау мен шат күлкіге бөледі.Осы сиқырлы сәтте өтіп бара жатқан жылдың символы -Жылан ( Индира Муратбековна) пайда болды. Ол балалармен қоштасып, оларға мейірім мен сабырлық тілеп, Жаңа жылға жол берді және қоштасу белгісі ретінде қар адамдарының әсем биін сыйлады.Жайлы әуеннің ырғағымен тұяқтардың дүбірі естілді. Сахнаға келесі жылдың символы - Жылқы ( Салтанат Ануарбековна) шықты. Ол балаларды қарсы алып, береке-бірлік, еңбекқорлық пен ынтымақ тіледі.
Мерекенің соңында Аяз ата балаларды тағы да Жаңа жылмен құттықтап, қоштасты.Кенеттен Жалмауыз маңызды хабармен қайта оралды. Ол сыйлықтарды өзіне қалдырғысы келгенін, бірақ балалардың тамаша өнерлерін көріп, олардың шынайы мейірімін сезінген соң, жүрегі мүлде жібігенін мойындады. Жалмауыз кемпір балаларға арналған сыйлықтарды қуана қайтарып, мереке шат күлкімен, қол шапалақтаумен және нағыз жаңа жылдық сиқырмен аяқталды.