Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Жаңа жыл!»атты мерекелік ертеңгілік жоғары сынып оқушылары үшін көтеріңкі көңіл-күймен, әсерлі өтті. Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар өз педагогтарымен бірге жаңа жылды қуанышпен қарсы алды.

26.12.2025

«Қош келдің, Жаңа жыл!»атты мерекелік ертеңгілік жоғары сынып оқушылары үшін көтеріңкі көңіл-күймен, әсерлі өтті. Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар өз педагогтарымен бірге жаңа жылды қуанышпен қарсы алды.

Мереке әсем безендірілген залда басталып, оқушылар музыка әуенімен, қолдарында қар кесектерімен көңілді билеп кіріп, өз орындарына жайғасты. Жүргізуші ( Кабылова Айгерим Жанатовна) мерекені ашып, жылы лебізін білдірді.Әуенмен бірге залға Жылан ( Тлеубек) мен Аққала ( Тлеухан) кіріп, балаларға шаттық пен күлкі сыйлады. Жылан балаларды шырша маңайында ән айтып, билеуге шақырды. «Жаңа жыл» әнімен хоровод ұйымдастырылды.Мерекеге Қыс ханшайымы ( Байтенова Айжан Агзамовна) да келіп қосылып, бәрі бірге Аяз ата ( Бекмаганбетов Канат Серикпаевич) мен Ақшақарды ( Олжабаева Аклима Кордомбаевна)шақырды. Балалар тақпақтарын жатқа айтып, қуанышпен қарсы алды.Мерекелік бағдарлама түрлі қызықты қойылымдармен жалғасты.

Шарықтау шегінде мерекеге Жаңа жылдың символы -Жылқы келіп, ( Есенжан) артынан үлкен қапшықпен ( Амеля) сыйлықтар әкелді. Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәтті сыйлықтар таратты.Ескі жылмен қоштасып, Аяз ата мен Ақшақар мен бірге барлығы жаңа жылға ақ жол тіледі. Ертеңгілік жүргізушінің қоштасу сөзімен аяқталды.

Бұл мереке балалардың жадында ұзақ сақталып, оларға бақыт пен шаттық сыйлады.

Просмотров: 94


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст