Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін «Bolashaq Saraiy» оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев атынан ұйымдастырылған еліміздің басты жаңа жылдық шыршасына арналған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты салтанатты іс-шара өтті. Мереке басынан-ақ ертегі мен сиқырға толы атмосферасымен баурап алды.

26.12.2025

Мерекеге біздің мектептің тәрбиеленушілері де арнайы қонақ ретінде шақырылды. Балаларды Аяз ата мен Ақшақар қарсы алып, жаңа жылдық көңіл-күй, қызықты ойындар, билер және, әрине, көптен күткен сыйлықтарын тарту етті.

Бұл күн балалар үшін шын мәнінде ерекше қуаныш пен шынайы күлкіге, жаңа жылдық сиқырға толы ғажайып мерекеге айналды!
Мемлекет басшысының атынан жаңа жылдық сыйлықтарын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстады.

Просмотров: 273

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст