Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін тәрбиешілердің ӘБ кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында қатысушылар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

06.01.2026

Бүгін тәрбиешілердің ӘБ кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында қатысушылар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Отбасы мен мектептің өзара тиімді ынтымақтастығының бала тәрбиесіндегі маңызы атап өтілді. Педагог Масыгутова А.Р., Юшко Д.В. және Сапаргалиева Г.А.«Ата-аналық құзыреттілік дегеніміз не?» тақырыбында баяндамалар жасап, ата-аналармен жұмыс жүргізудің заманауи әдістерін (вебинарлар, онлайн кеңестер және басқа да цифрлық форматтар) ұсынды.Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықтағы тәрбие жұмысына талдау жасалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылып, оң көрсеткіштер мен кездескен қиындықтар анықталды, алдағы жұмыс бағыттары белгіленді.
Отырыс іскерлік әрі нәтижелі жағдайда өтіп, педагогтардың тәжірибе алмасуына және кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст