Текст
08.01.2026
Бүгін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің( ППҚҚ) отырысы өтті.
Отырыс барысында оқушылардың оқуындағы қиындықтар мен мінез-құлқындағы ерекшеліктерге байланысты түскен өтініштер қарастырылды. Әр жағдай жан-жақты талданып, туындаған мәселелердің себептері, оқушылардың даму және бейімделу ерекшеліктері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді, оқушыларды одан әрі сүйемелдеу бағыттары айқындалды. Жекелеген жағдайлар бойынша ПМПК-ға ұсыну үшін хаттама толтырылып, қажетті материалдар дайындалды.
Отырыс іскерлік әрі конструктивті жағдайда өтіп, оқушыларға уақтылы және тиімді көмек көрсетуге бағытталды.