16.01.2026
Мектеп әкімшілігі, яғни басшы Ольга Владимировна Бурдинская балаларды Бурабайға “ Лапландия” кешеніне апару үшін жол сапарын ұйымдастыруға қажетті жанар-жағармай (дизель отыны) түрінде көрсетілген қайырымдылық көмегі үшін «КомфортСтрой 2020» ЖШС -нің директоры Амир Магометович Балкоевқа шынайы алғысын білдіреді.
Құрметті Амир Магометович!
Сіздің қолдауыңыздың арқасында бұл сапар өтеді. Балалар демалып, жарқын әсер алып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа әсерлерге бөленеді деп ойлаймыз. Сіздің әлеуметтік жауапкершілігіңіз, балаларға деген жанашырлығыңыз зор құрмет пен ризашылыққа лайық.
Өскелең ұрпақты қолдауға қосқан үлесіңіз бен қайырымды істеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз.
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметіңізде табыс және алдағы уақытта да игі бастамалар тілейміз.