21.01.2026
Бүгін орташа деңгейдегі ақыл- ой бұзылыстары бар оқушыларға арналған диагностикалық материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Кездесу барысында алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттері қарастырылып, осы санаттағы білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, диагностиканың негізгі бағыттары айқындалды.
Жұмыс тобының мүшелері диагностикалық тапсырмалар, құралдардың мазмұнын, олардың қолжетімділігіне, көрнекілігіне және практикалық бағыттылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ нәтижелерді бағалау кезінде сараланған тәсілді қолдану қажеттілігін талқылады. Материалдардың оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне, психофизикалық ерекшеліктеріне және өмірлік дағдыларының қалыптасу деңгейіне сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың кезеңдері белгіленді.