Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен және қоғам», «Біз әрқашан біргеміз» кәсіби шеберлік байқауы аясында Ж. Мусин атындағы Қазақ жоғары педагогикалық колледжінің «Музыка бөлiмi»М-31 тобының студенттері оқытушы Гаухар Адильбековна Магзумованың жетекшілігімен біздің тәрбиеленушілерге нағыз көңілді әрі әсерлі мереке сыйлады.

21.01.2026

Балалар үшін мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды: түрлі қызықты ойындар, бойлы қуыршақтар, тәтті тағамдар мен жағымды тосынсыйлар. Шараның соңында өткен флешмоб барлық қатысушыларды біріктіріп, достық пен ынтымақтың ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Өз кезегінде біздің тәрбиеленушілер-«Жас ұрпақ» домбыра оркестрінің қатысушылары жетекші У.О. Кенжесаринамен қазақтың музыкалық шығармаларын орындап, қонақтарға ұлттық өнердің бай мұрасын паш етті.
Осыған байланысты, мектеп басшылығы көрсеткен қамқорлығы, шығармашылық бастамасы, белсенді азаматтық ұстанымы және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Мұндай іс-шаралар әлеуметтік серіктестікті нығайтып, рухани құндылықтарды қалыптастыруға және білім мен қоғам арасындағы байланысты арттыруға ықпал етеді.

Просмотров: 236

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст